Жаратылыстану-математика пәндерін оқытуда менторинг жұмысының рөлі
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Еңбекшіқазақ ауданы, №1 Азат орта мектебі базасында «Жаратылыстану-математика пәндерін оқытуда менторинг жұмысының рөлі» тақырыбында жаратылыстану-математика пәндерін үш тілде білім беруді іске асыру жолдары, тиімді амал-тәсілдермен тәжірибе алмасу мақсатында облыстық семинар-практикум өткізілді. Семинар барысында Еңбекшіқазақ ауданының ЖМЦ пән мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар, Іле, Балхаш, Жамбыл аудандарынан және Қапшағай қаласынан 70 ЖМЦ пән мұғалімдері қатысты.