Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының ХХVІІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция
Алматы облыстық білім басқармасы мен облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2019 жыл 18 наурызда Талдықорған политехникалық колледжінің базасында жас зерттеушілердің тың идеяларын, жобаларын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының ХХVІІІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференция өз жұмысын 29 бағыт 13 секция бойынша жүргізіп, 303 ізденуші жастардың ғылыми жобаларын қорғауына ықпал етті. Қатысушылардың жұмыстарын І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің, Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының ғалымдары, өлкетану мұражайының мамандары, облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері бағалады. Конференция қорытындысы бойынша үздік жұмыстар Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясы президиумының 1,2,3 дәрежелі дипломдарымен, белсенді қатысушылары мадақтама және алғыспен марапатталып, 30 үздік жұмыс республикалық кезеңге жолдама алды.