"Жігер " облыстық шығармашылық тобының отырысы
Ағымдағы жылдың 27 наурызында жас педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету, өзара тәжірибе алмасу мақсатында Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Көксу ауданы, М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп базасында "Жігер" шығармашылық тобының "Дәстүрлі оқытудың әдістері мен тәсілдерін жаңарту" атты көшпелі отырысын өткізді. Іс-шараға Көксу, Қаратал, Ескелді, Панфилов, Еңбекшіқазақ аудандары, Текелі және Қапшағай қалаларынан 70 жас педагогтар қамтылды.