Жаңа үлгідегі пән кабинеттерін пайдалану тиімділігі
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы оқыту үрдісінде жаңа үлгідегі биология, химия, физика кабинеттеріндегі лабораториялық құрылғыларды қолдану әдістерін көрсету, әдістемелік көмек беру мақсатында 2019 жылдың 27 наурызында Талғар ауданы Белбұлақ ауылы №32 ОМ базасында «Жаңа үлгідегі пән кабинеттерін пайдалану тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Аталған іс-шараға облыстық деңгейде өткен байқау жүлдегерлері өз тәжірибелерімен бөлісті. Облыстық семинар жұмысына 72 педагог қатысты.