A - Размер шрифта A +

Заманауи сабақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мазмұнында

«Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын М. Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі базасында 2019 жылдың 27 наурыз күні «Заманауи сабақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мазмұнында» атты магниттік мектеп педагогтарына арналған дискуссиялық алаң өткізілді. Мақсаты: Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді әдістерімен бөлісу. Дискуссиялық алаңға Көксу, Қаратал, Ескелді  аудандарынан 40 тан астам педагог қатысты.

 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка