A - Размер шрифта A +

Оқушыларды олимпиадалар мен зерттеу қызметіне дайындау

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкесжәне «Әдістемелік кеңістік» жобасын іске асыруда 2019 жылдың 27 наурызында  Ақсу ауданы Қарашілік орта мектебі базасында «Оқушыларды олимпиадалар мен зерттеу қызметіне дайындау» тақырыбында семинар өткізілді. Мақсаты -пән мұғалімдеріне оқушыларды олимпиадалар мен зерттеу қызметіне дайындауда әдістемелік қолдау көрсету, тәжірибе тарату. Аталған іс-шараға Ақсу ауданы Е.Сиқымов атындағы орта мектеп-ресурстық орталығы және магниттік мектептері (Қаракемер, Кеңжыра, Қарашілік, Қ.Терібаев атындағы орта мектептер) мұғалімдері қатыстырылды. Семинар жұмысында Сарқан ауданы, Талдықорған қаласы мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка