Нәтижелі сабаққа жету үшін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері
Ағымдағы жылдың 29 наурызында жас педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету, өзара тәжірибе алмасу мақсатында Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы Е.Сиқымов атындағы орта мектеп базасында "Жігер" шығармашылық тобының "Нәтижелі сабаққа жету үшін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері" атты көшпелі отырысын өткізді. Іс-шараға Көксу, Қаратал, Ескелді, Панфилов, Еңбекшіқазақ аудандары, Текелі және Қапшағай қалаларынан 70 жас педагогтар қамтылды.