Білім беру ұйымдарының педагог-психолог қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Кешенді түзету» жобасы аясында 2019 жылдың 26,28 наурыз күндері Талдықорған, Текелі қалаларында «Білім беру ұйымдарының педагог-психолог қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық оқыту семинары өткізілді. Педагог-психологтар арасында тиімді жұмыс істеу режимін қалыптастыру, әрбір білім алушыға психологиялық түзету-дамыту және қолдау көрсету қызметінің сапасын арттыру мақсатында шебер сыныптар өткізілді. Аталған шараға 50 педагог-психолог қатысты.