Математика, физика және информатика пәндері мұғалімдеріне арналған І облыстық шығармашылық байқау
Республикалық білім беру ұйымдарының "Математика мұғалімдері қауымдастығы" 2019 жылғы 27-28 наурызда Талдықорған қаласы №27 ОМГ базасында Алматы облысы математика, физика және информатика пәндері мұғалімдеріне арналған І облыстық шығармашылық байқау ұйымдастырды. Байқауға облыстың жалпы білім беру ұйымдарынан 104 педагог қатысып, нәтижесінде 34 педагог 1,2,3 дәрежелі дипломдармен және 14 педагог Құрмет грамотасымен марапатталды.