Білім сапасын арттыруда мектеп тәжірибесі
«Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Еңбекшіқазақ ауданындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын «Білім инновация лицей-интернаты» базасында 2019 жылдың 01 сәуір күні «Білім сапасын арттыруда мектеп тәжірибесі» атты магниттік мектеп педагогтарына арналған семинар өткізілді. Семинарға Балқаш, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарынан 42 педагог қатысты.