"Жігер " облыстық шығармашылық тобының отырысы
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ағымдағы жылдың 1 сәуірінде жас педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету, өзара тәжірибе алмасу мақсатында Кеген ауданы, Ы.Көшкінов атындағы орта мектеп базасында "Жігер" шығармашылық тобының "Заманауи әдістерді қолданудың тиімділігі " атты көшпелі отырысын өткізді. Іс-шараға Панфилов, Ұйғыр, Кеген, Райымбек, Еңбекшіқазақ, Іле аудандарынан 68 жас мұғалімдері қамтылды.