Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектепті инновациялық басқару
«Табысты басшы» жобасы аясында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы жаңадан тағайындалған мектеп басшыларына инновациялық басқаруды тиімді ұйымдастыру бойынша әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу мақсатында Талғар ауданы №32 орта мектеп базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектепті инновациялық басқару» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Аталған шараға (Қапшағай қаласы, Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл, Балқаш аудандары) 75 мектеп директоры қатысты.