A - Размер шрифта A +

Мектепке дейінгі ұйымының үздік жоспары сырттай байқауы

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы  2019-2021 жылдарға арналған «Табысты басшы» жобасын іске асыру аясында инновациялық бағытта жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдарын анықтау және кәсіби қолдау көрсету мақсатында 2019 жылдың 8 сәуірінде облыстық «Мектепке дейінгі ұйымының үздік жоспары» сырттай байқауын өткізді.

Эксперттік топ шешімі негізінде: І орын -  Қарасай ауданы «Сандуғаш» балабақшасы, ІІ орын - Қаратал ауданы «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасы, ІІ орын - Текелі қаласы №3 балабақшасы, ІІІ орын - Талдықорған қаласы №12 «Байтерек» бөбекжайы, ІІІ орын - Сарқан ауданы «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы жеңімпаз деп танылды. Байқауға 17 мектепке дейінгі ұйымдары қатысты.

 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка