Стендтік сессия
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының «Инновациялық қадам» жобасы аясында Талғар ауданы № 36 ОМ, Ұйғыр ауданы Шонжы № 4 ОМ, Талдықорған қаласындағы № 25 ОМ базасында 2019 жылдың 2-4 сәуір күндері аралығында «Үш тілде білім беру жағдайындағы әдістемелік қызмет: тәжірибе, мәселелер» тақырыбында облыстық стендтік сессия ұйымдастырылып өткізілді. Стендтік сессия барысында аудандық, қалалық жерлердегі білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері тарапынан үш тілде білім беруді жүзеге асыру бойынша жұмыстарды әдістемелік сүйемелдеуде атқарылған жұмыстарына талдау жасалынып, өзара тәжірибе алмасу алаңы ретінде өткізілді.
Стендтік сессияға Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының 19 әдіскерлері мен мектеп үйлестірушілері қатысты.