A - Размер шрифта A +

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ

ТАҚЫРЫБЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2019 жылдың 2 сәуірінде «Жаңартылған бағдарламаның маңыздылығы мен ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды. 120 педагог қатысқан семинарда жаңартылған оқу бағдарламасы аясында пән мұғалімдері өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасалып, тәжірибедегі кедергілер мен мәселелер бойынша кәсіби сұхбат ұйымдастырылды және тәжірибе бөліскен педагогтармен кері байланыс жүргізілді. 3 сәуірде «Әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру жолдары» тақырыбында әдістемелік күн өткізілді. Бұл іс-шара барысында әдістемелік қызметтің жұмыс мазмұны, оны тиімді ұйымдастыру жолдары ұсынылды және әдіскерлердің негізгі жұмыс бағыттары бойынша әдістемелік бағыттар берілді. Сонымен қатар, пән мұғалімдері сабақтарына қатысып, олармен кәсіби қарым-қатынас орнатуда кәсіби сұхбат өткізілді.


© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка