A - Размер шрифта A +

Білім мазмұнын жаңарту аясында зерде бұзылыстары бар балаларға білім үдерісін ұйымдастыру

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен 2019 жылдың 10 сәуірінде Есік  қаласындағы зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы көмекші мектеп-интернаты базасында облыстағы зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы көмекші мектеп-интернат директорының орынбасарларына, үйлестірушілерге арналған «Білім мазмұнын жаңарту аясында зерде бұзылыстары бар балаларға білім үдерісін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық оқыту семинар өтті.

Пәндерді  оқыту ерекшеліктерін айқындау, бағдарламаны іске асыруда тиімді жолдары ұсыну аясында әдістемелік көмек   көрсетілді.

Дөңгелек үстел барысында педагогтарзерде бұзылыстары бар оқушылардың білімін критериалды бағалау, сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер және өзге де мәселелер талқыланып, педагогтарға әдістемелік сүйемелдеу, қолдау жүргізілді. Аталған шараға 25 педагог қатысты


© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка