A - Размер шрифта A +

Сабақты зерттеу - мұғалімдердің зерттеу дағдыларын жетілдіру тәсілі

 Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы  Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлескен іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізудің  жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 10 сәуірінде Еңбекшіқазақ ауданы, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі базасында сабақты зерттеу  тәсілін тәжірибеге енгізуде  мектеп басшыларына кәсіби қолдау көрсету мақсатында «Сабақты зерттеу - мұғалімдердің зерттеу дағдыларын жетілдіру тәсілі» тақырыбында аймақтық семинар ұйымдастырды. Семинар барысында бірлескен зерттеу тобы Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Талғар, Іле аудандарының мектеп басшыларымен өз тәжірибелерін бөлісті. Аталған шараға 80 мектеп директоры қатысты.


© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка