A - Размер шрифта A +

Шағын жинақты мектептің үздік мұғалімі

«Алматы облысының білім басқармасы» ММ  облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2019 жылы 10 сәуірде Талдықорған қаласы  М. Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы базасында ШЖМ педагогтерінің өзара тәжірибе алмасуына және озық тәжірибелерін таратуына ықпал ету, шығармашыл педагогтерді анықтау мақсатында «Шағын жинақты мектептің үздік мұғалімі» облыстық байқауын өткізді. Байқаудың облыстық кезеңіне   аудандық (қалалық) байқаудың  жеңімпазы деп танылған  16  мұғалім қатысты.

 Байқау қорытындысы:

Бас жүлде – Ж.Темірбекова, Балқаш ауданы, Ақкөл орта мектебінің география пәні мұғалімі;

І орын – А.Дільмұратова, Сарқан ауданы, Тасарық орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі;

ІІ орын – К.Толегенова, Алакөл ауданы, Арқарлы орта мектебінің математика пәні мұғалімі;

ІІ орын  - Ж.Кабенқызы, Талдықорған қаласы, №23 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

ІІІ орын –  Ө.Мұсаев, Кеген ауданы, Ақсай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі; 

ІІІ орын – Д.Ельчибаев, Қаратал ауданы, Панфилов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі;

ІІІ орын – А.Қударбек,Кербұлақ ауданы, П.Дутов атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі.

«Үздік кіріктірілген сабақ» - Б.Мухаметжанова, Ескелді ауданы, Абай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;

«Үздік педагогикалық идея» - Б.Хасенова, Ақсу ауданы, І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі;

«Зерттеуші мұғалім» - С.Болатбаева, Текелі қаласы, №7 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі.


© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка