A - Размер шрифта A +

Облыстық үздік сабақтар фестивалі

Облыстық білім беруді дамыту оқу - әдістемелік орталығының ұйымдастырумен 2019 жылы 11 сәуірде мектепке дейінгі білім беру ұйымдары саласындағы талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін кәсіби білікті педагогтарды анықтау, қолдау мақсатында «Заманауи сабақ - педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» облыстық үздік сабақтар фестивалі өтті. 

Қазылар алқасының шешіміне байланысты төменде аты - аталған педагогтар фестивальдің жүлдегерлері деп танылды: І орын:М.Чимчикова - Ескелді ауданы, «Айкүн» балабақшасының тәрбиешісі. ІІ орын:А.Қыдырбаев - Еңбекшіқазақ ауданы, «Эмир» жекеменшік балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі, Б.Заитова - Панфилов ауданы, «Таңшолпан» балабақшасының тәрбиешісі, У.Картхужакова - Іле ауданы, «Солнышко» балабақшасының тәрбиешісі. ІІІ орын: А.Тұрарбек - Талғар ауданы, №7 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі, И.Азибаева - Текелі қаласы, №4 балабақшасы тәрбиешісі, Л.Бектемирова - Кербұлақ ауданы, Сарыбұлақ ОМ мектепке дейінгі шағын орталық тәрбиешісі, «Үздік ұйымдастырылған оқу қызметі» -   Б.Иманбекова - Ақсу ауданы, «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі, «Шебер педагог» - Г.Күнболатова - Көксу ауданы, «Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі номинация иегерлері деп танылды. Фестивальға 18 педагог қатысты.


© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка