Сабақты зерттеу мектептің әдістемелік жұмысының жаңа матрицасы ретінде
2019 жылы 18 сәуірде Талдықорған қаласындағы №28 ІТ мектеп-лицейі іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Сабақты зерттеу мектептің әдістемелік жұмысының жаңа матрицасы ретінде» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға 50 ден астам педагог және сыртқы эксперт ретінде Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ж.Бегалиев, Талдықорған қаласындағы «НЗМ» ДББҰ ПШО филиалының тренерлері А.Ошақпаева, А.Кенжебаев қатысты. «Жаңа дәуір мектебі: жаңа көзқарас, нақты қадамдар»тақырыбында таныстырылым жасалынып, мектептің әдістемелік жұмыс жүйесі TED форматында көрсетілді. Семинардың тақырыбына сәйкес рефлексия кезеңі «Фасилитацияланған сессия» үлгісімен өтті.