Ашық есік күні
«Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының» ұйымдастырумен 2019 жылдың 28 ақпанында «Инновациялық қозғалыс» жобасын іске асыру мақсатында Талдықорған қаласы №11 «Құлыншақ» аралас бөбекжай-бақшасы базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді жүзеге асырудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында ашық есік күні өтті.
Аталған шарада, ерекше қажеттілігі бар арнаулы балалармен жұмыс жасайтын топтардың тәрбиеші-педагогтары ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерін өткізсе, балабақшаның тифлопедагог, ортоптист-медбике мамандары көз қитарлығы бар амблиопиямен ауратын балалармен түзету жұмыстары бойынша тәжірибелерімен бөлісті.