A - Размер шрифта A +

«Туған жер» бағдарламасы аясында педагогикалық проспект

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Туған жер» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын іске асыру мақсатында 2019 жылғы 18 сәуірде Кербұлақ ауданы, Басши ауылындағы Райымбек атындағы орта мектебі базасында  «Сырлы өлке - Күреңбел» атты педагогикалық проспект өтті. Іс-шара барысында «Туған жер» бағдарламасын іске асыруда «Өлкетану»  кіріктірілген курсын оқыту барысы» тақырыбындағы ашық алаңда «Өлкетану» бағдарламасын «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі және әдебиеті», «География» пәндерінде кіріктіре оқытудың іске асырылуы талқыланды.

«Райымбек батыр атындағы орта мектебі аллеясы - «Алтынемел» ұлттық мемлекеттік табиғи саябағы» бағытында маршрут ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына 45 география және тарих пәндері мұғалімдері мен әдіскерлер қатысты.

 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка