A - Размер шрифта A +

Жаңартылған мазмұнда сабақты тиімді жоспарлау аспектілері

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 19 сәуірінде Текелі қаласында оқыту үрдісінде тиімді кері байланыс орнату әдістемесін қолдануды пән мұғалімдеріне үйрету мақсатында химия, биология пәні мұғалімдеріне арналған «Кері байланыс – оқытуды жандандырудың ықпалды қаруы» тақырыбында әдістемелік десант өтті. Мұғалімдер сабақтарына қатысып, кәсіби сұхбат негізінде кері байланыс орнатылды. Сонымен қатар, сабақты тиімді жоспарлауда сындарлы кері байланыс ұсыну, теория мен практиканы ұштастыру және өзіндік рефлексия жасау бағыттарында «Жаңартылған мазмұнда сабақты тиімді жоспарлау аспектілері» атты фасилитациялы сессия жұмысы жүргізілді. Аталған іс-шараға 18 мұғалім қатысты.


 

 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка