«Киелі мекенім – Жетісу» атты мектеп оқушыларының өлкетану ізденіс жұмыстарының облыстық байқауы
2019 жылдың 19 сәуірінде Алматы облысының білім басқармасы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп Елбасы Н.А.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Киелі мекенім – Жетісу» атты мектеп оқушыларының өлкетану ізденіс жұмыстарының облыстық байқауын өткізді. Байқауға облыс бойынша 100-ге жуықоқушы қатысып, туған жерінің бірегей табиғи, тарихи-мәдени, әдеби және өнер мұраларына, киелі орындарына қатысты ізденіс жұмыстарын ұсынды.