Инновациялық қадам
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының «Инновациялық қадам» жобасы аясыда Текелі №8 орта мектебі базасында 2019 жылдың 19сәуір күні «Пән мен тілді кіріктіріп оқытудағы инновациялық әдістер» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинар үш тілде білім беруді жүзеге асыруда жаратылыстану-математикалық цикл пәндері педагогтарына тиімді әдістерді ұсыну, өзара тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткізілді. Семинар-практикумға Ақсу, Кербұлақ, Көксу, Қаратал, Ескелді аудандары мен Текелі, Талдықорған қаласының 79 мұғалімі қатысты.