A - Размер шрифта A +

Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі тәжірибесін тарату (трансляция)

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы және Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінің өзара қызметтестік жұмыс жоспары негізінде «НЗМ» ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойынша а.ж. сәуірінде Талдықорған қаласындағы «НЗМ» ДББҰ  педагогтары бастауыш сынып, қазақ, орыс, шетел тілдері, математика, физика, информатика, химия, биология, география, тарих, дене шынықтыру, көркем еңбек пәндері мұғалімдеріне білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу-әдістемелік пәндердің ерекшеліктерін, критериалды бағалау жүргізудің әдістемесін жетілдіру мақсатында көшпелі тәжірибелік семинарларын  өткізді.

Семинарлардың ерекшеліктері білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мұғалімнің зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда CLIL қолдану, оқытудың мақсатына сәйкес оқу және тыңдау дағдыларын дамыту ерекшеліктері, білім беру бағдарламаларының тиісті мазмұнын біріктірудегі пәнаралық кіріктіру, критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері және т. б. мәселелерді қарастырды. Аталған шараларға 4000 астам педагог қамтылды.


 

 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка