Әдіскер шеберханасы
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі ұйымдарының әдіскерлеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2019 жылдың 25 сәуірінде Қарасай ауданы «Ерке-Нұр» балабақшасы базасында «Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттырудағы заманауи көзқарас» тақырыбында әдіскер шеберханасын өткізді.
Аталған шарада педагогтармен «Балабақша педагогтарын әдістемелік тұрғыда сүйемілдеу» тақырыптарында шебер-класстар, іскерлік ойындар жүргізілді. Шараға Қарасай, Балқаш аудандары мен Қапшағай қаласынан 45 әдіскер қатысты.