A - Размер шрифта A +

Заманауи педагогтың шеберлігі

«Әдістемелік шеберхана» жобасын іске асыру мақсатында 2019 жылдың 26 сәуірінде  Қапшағай қаласы Ш.Уалиханов атындағы №2 ОМГ базасында жаңа жүйе бағдарламасы бойынша сертификатталған (1,2,3 деңгей) мұғалімдерінің тәжірибесін  желілік қауымдастық аясында жетілдірудің өзекті мәселелерін қарастыруда «Заманауи педагогтың шеберлігі» тақырыбында облыстық әдістемелік калейдоскоп өткізілді. Аталған іс-шарада Қапшағай қаласының және Жамбыл, Іле, Ақсу аудандарының құрған желілік қауымдастық жұмыстары көрсетіліп, тәжірибелері таратылды.

Әдістемелік калейдоскоп жұмысына аудандық, қалалық желілік қауымдастық жетекшілері және жаңа жүйе бағдарламасы бойынша сертификатталған  (1,2,3 деңгей)  70 педагог  қатысты.


© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка