Әдістемелік семинар
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасын іске асыруда аудандық және қалалық оқу-әдістемелік орталықтарының бастауыш сынып әдіскерлеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Талдықорған қаласы, №19 орта мектеп- гимназия базасында «Жаңартылған білім жүйесі – педагогтың кәсіби дамуының негізі» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өткізді.
Аталған шарада бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар жүргізіп, тақырып аясында №27 орта мектепің бастауыш сынып мұғалімі, облыс тренері Ж.Калимолданова шебер сынып өткізді. Сабақты тиімді жоспарлау туралы мәселелер дөңгелек үстел барысында талқыланды. Семинарға 20 маман қатысты.