A - Размер шрифта A +

Метапәндік білім-оқушы уәжін ояту құралы

2019 жылдың     26 сәуірінде Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Табысты басшы» жобасы және «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» бағдарламасын іске асыру мақсатында  Талдықорған қаласы №26 орта мектеп базасында жалпы орта білім беру ұйымдары директорларына арналған аймақтық семинар өтті.

         Семинар барысында Талдықорған қаласындағы №2 орта мектеп директоры  Л.Байсова мен №26 орта мектеп директоры  Б.Құрмашев өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылардың метапәндіқ құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді жолдарын ұсынды. Ал  пән мұғалімдері метапәндік білім берудің оқушының уәжін оятудағы тәжірибедегі тиімділігін  ашық сабақтар алаңында көрсетті.

         Аталған шараға Талдықорған, Текелі қалалары мен Ескелді, Көксу, Қаратал аудандарынан барлығы 35 мектеп директоры қатысты.


© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка