A - Размер шрифта A +

Пән мұғалімдері арасында облыстық пәндер олимпиадасы

2019 жылдың 26 сәуірінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласындағы Ustudy тест орталығы және Талдықорған қаласы №27 ОМ базасында пән мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік деңгейін анықтау, кәсіби шеберлігін шыңдау,  күрделілігі жоғары тапсырмаларды орындау және тәжірибелерін насихаттау мақсатында Б.Бірімжанов (химия), М.Ломоносов (физика), математика, биология, география және информатика, қазақ, орыс, шетел тілі  пәндері бойынша облыстық пәндер олимпиадасы өтті.

Олимпиада жұмысына Алматы облысы білім басқармасы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы директоры Қабдұлова Алуа Жанатайқызы, Жетісу мемлекеттік университеті инновациялық жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор, профессор, т.ғ.д. Андасбаев Ерлан Сулейменович, Білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Талдықорған аумақтық кеңесінің бас маманы ЛәйляСағынғалиқызы қатысты.

Пән мұғалімдері арасындағы пәндер олимпиадасы теориялық және практикалық кезеңдерді қамтыды. Әр пән бойынша мұғалімдер теориялық кезеңде күрделі олимпиадалық тапсырмаларды орындаса, практикалық кезеңде эксперименталды лабораториялық білімдерін ортаға салды.

Олимпиадаға 176 облыс педагогтары қатысты.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Алматы облыстық ұйымы, «НЗМ» ДББҰ Талдықорған қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы, Талдықорған қаласы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» мамандарынан құрылған қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша 67  педагог Бас жүлде,1,2,3  жүлделі орындарды иеленді.

 

 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка