Тәжірибе тарату on-line семинары
«Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» бағдарламасын іске асыруда Талдықорған қаласындағы №20 ДБАЛтарих пәнінің мұғалімі Г.Жуаспаеважәне №28 IT-лицейінің тарих пәні мұғалімі А.Туктибаеваның«Тарих пәні бойынша білім сапасын арттыруда оқу үшін бағалау мен оқуды бағалаудың маңыздылығы» тақырыбында оn-line семинары өтті.
Іс-шара барысында оқушының даму жетістігін бақылау, оқу бағдарламасының тиімділігін саралау, сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге негізделген әдістер ұсынылды.
Семинарға облыстың 121 жалпы орта білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері қатысты.