A - Размер шрифта A +

Облыстық on-line семинар

2019 жылдың 30 сәуірінде «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» бағдарламасын іске асыруда облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Жамбыл ауданы Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы ОМ базасында оn-line режимінде «Химия, биология пәндеріне жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудің тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында химия, биологияпәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өткізді.

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу бағдарламалары мен критериалды бағалау жүйесін енгізуде мән мәтінінде химия, биология пәндері мұғалімдерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіру мақсатында өткен семинарда Рыскулов атындағы ОМ-нің химия пәні мұғалімі  Қ.Акылова мен Қарасай НОМ-нің биология пәні мұғалімі С.Бақбаева өз тәжірибелерін ортаға салды. Семинар барысында сабақ үрдісінде қалыптастырушы бағалау, кері байланыс, саралау мен әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша мәселелер қарастырылды.

Семинарға облыс бойынша 102 жалпы орта білім беру ұйымдары қосылды.


 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка