Облыстық семинар
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мектепалды даярлық сыныбы мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2019 жылдың 29 сәуірінде Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылы Бөлек батыр ОМ базасында «Мектепалды даярлық сыныбында оқу-тәрбие үдерісіндегі белсенді әдіс-тәсілдер» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Шара барысында тәжірибелік алаңда ұйымдастырылған ашық оқу қызметтері көрсетіліп, педагогтармен «Карусель әдісі» арқылы ұйымдастырылған оқу қызметіндегі белсенді әдіс-тәсілдер мен балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған шебер-кластар жүргізілді. Аталған шараға 73 педагог қамтылды.