A - Размер шрифта A +

Тәжірибе бөлісу алаңы

2019 жылдың 27 сәуірінде Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлескен  зерттеуді жүргізудің  жұмыс жоспарына сәйкес Қарасай ауданы, Қ.И.Сәтпаев атындағы орта мектеп базасында зерттеу тобының  тәжірибесін тарату мақсатында  «Lesson Study тәсілі арқылы мұғалімдердің зерттеу дағдыларын арттыруға бола ма?» тақырыбында тәжірибе бөлісу алаңы өтті.

Алаңда Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Б.Асубаев мектеп басшыларымен сабақты зерттеудің маңызы жайлы кәсіби сұхбат жүргізіп, зерттеу тобындағы мектеп директорлары постер-сессия алаңы мен шебер-кластарда тәжірибе бөлісті. Ал зерттеу тобының отырысында Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Ғ.Толықбаева  шебер-кластарға кері байланыс беріп, топ мүшелерімен бірлескен зерттеу жұмысының келесі қадамдарын айқындады.

Аталған шараға Ақсу, Кербұлақ, Райымбек, Кеген, Балқаш, Жамбыл, Қарасай аудандарынан 80 мектеп директоры қатысты.


 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка