A - Размер шрифта A +

Мектепке дейінгі ұйымдарда шетел тілін оқытудың ерекшеліктері

       Мектепке дейінгі ұйымдарда шетел тілі оқу қызметінің ерекшеліктері туралы педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу – әдістемелік орталығы 2019 жылдың 30  сәуірінде Іле ауданы «Балапан» бөбекжайында «Мектепке  дейінгі ұйымдарда шетел тілін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық оқыту семинарын өткізді.

     Аталған шарада мектепке дейінгі шетел тілін оқыту ерекшеліктері, үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқу қызметін жоспарлау, дидактикалық ойындарды, оқу қызметіндегі тиімді әдіс – тәсілдерді қолдану, SMART мақсаттың тиімділігі бойынша мәселелер қамтылды. Оқыту семинарына Еңбекшіқазақ, Іле аудандарынан 28 педагог қатысты.


© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка