A - Размер шрифта A +

Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі

2019 жылдың 30 сәуірінде  Алматы облыстық  білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Талдықорған қаласындағы «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалымен қызметтестік жұмыс жоспары негізінде Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы орта мектеп базасында мектеп мұғалімдерінің сабақты зерттеу арқылы оқыту және оқу тәжірибелерін жетілдіру мақсатында «Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» тақырыбында аймақтық  конференция өткізді.      Пленарлық мәжілісте облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ж.Бегалиев, Талдықорған қаласындағы «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері Г.Қазығұлова, А.Кенжебаев, Н.Мұратбаева сабақты зерттеу бойынша  өз ойларымен бөлісіп, тәжірибе алаңында педагогтардың зерттеу жұмыстарына кері байланыс берді.

 Конференцияға Іле, Қарасай, Жамбыл, Талғар  аудандарынан 80-ге жуық педагог мамандар  қатысты.


© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка