A - Размер шрифта A +

Әдістемелік Кеңес

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының 2019 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, 4 мамыр күні Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің кезекті әдістемелік кеңесі өткізілді. Кеңеске  60 әдіскер қатысты.

Кеңестің күн тәртібінде  Іле, Ұйғыр, Райымбек, Нарынқол, Балқаш аудандары мен Қапшағай қаласындағы оқу орындарын зерделеу қорытындысы бойынша анықтама қаралып, кемшіліктерді жою мақсатында  арнайы шешім шығарылды. Сондай-ақ, күн тәртібі барысында  облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік бөлімнің  жылдық  жұмыс жоспары, «Табысты басшы» жобасы аясында жүргізілетін іс-шаралар, өндірістік оқыту шеберлерінің тағылымдамадан өтуі, тиімді сабақты жоспарлаудың жолдары, бағдарламаға «Worldskills» стандарттарын және қолданбалы бакалавриатты енгізу мәселелері кеңінен талқыланды.

Практикалық кезеңге ұласқан кеңестің екінші бөлімінде  жаңартылған білім беру бағдарламасының негізінде біліктілігін арттырған Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің әдіскерлері мен оқытушылары «Жаңартылған білім беру бағдарламалары негізінде арнайы орта білім беру мамандарын даярлаудың негізгі аспектілері» тақырыбында шебер-клас өткізді.


© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка