«Туған жер» бағдарламасы аясында педагогикалық проспект
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Туған жер» бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын іске асыру мақсатында 2019 жылғы 14 мамырда Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылындағы №4 орта мектеп базасында «Шырайлы Шарын шатқалы» атты педагогикалық проспект өтті. Іс-шара барысында ашық алаң жұмысында «Өлкетану» кіріктірілген курсын оқыту бойынша мәселелер талқыланды. Күннің екінші жартысында Шарын шатқалына маршрут ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына 50 география және тарих пәндері мұғалімдері мен әдіскерлер қатысты.