Облыстық «SMART - сабақ» сырттай байқау
Білім беру саласындағы жаңа жүйе бағдарламасы бойынша сертификатталған (1,2,3 деңгей) мұғалімдердің әлеуметтік және кәсіптік беделін көтеру, педагогикалық инновацияларға қолдау көрсету, оқытуда заманауи технологиялардың қолданылу барысы, педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау және тарату мақсатында 2019 жылдың 13 мамырында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының (Учебно–методический центр Алматинской области https://www.youtube.com/channel/UC-EbFWv-Sh4e8exg?view_as=subscriber) You Tube каналында жаңа жүйе бағдарламасы бойынша сертификатталған (1,2,3 деңгей) мұғалімдерге арналған «SMART - сабақ» атты облыстық сырттай байқау өтті. Байқауға 20 ауданнан 66 видео сабақ түсті. Байқау екі кезеңнен тұрды 1 кезең ол іріктеу кезеңі ал 2 кезең You Tube каналына тіркеліп дауыс беру арқылы (көрсетілім, like, комментарий )жинау. Байқаудың ережесі бойынша іріктеу кезеңінен 28 видео сабақ өтті.
«SMART - сабақ» сырттай байқауының жеңімпаздары:
І орын - Ногай Жанна Павловна, Қаратал ауданы, М. Горький атындағы ОМ бастауыш сынып мұғалімі.
ІІ орын - Шарипова Гульназ Амангельдиновна, Іле ауданы, №40 ОМ орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
ІІ орын - Алимова Анса Есенқұлқызы, Қапшағай қаласы, №3 ОМ қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі.
ІІІ орынФоминых Людмила Михайловна Ескелді ауданы, Қарабұлақ ОМ, бастауыш сынып мұғалімі.