A - Размер шрифта A +

ТжКББ үздік сабақтар фестивалі

Білім беру саласындағы талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін кәсіби білікті педагогтарды анықтау, қолдау және мадақтау мақсатында             2019 жылдың 15 мамырында Талдықорған сервис және технология колледжінің базасында  техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары  арасында «Заманауи сабақ – педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбында үздік сабақтар фестивалі  облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік  орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. Фестиваль өз жұмысын  жалпы білім беретін, арнайы және өндірістік оқыту бағытында жүргізді.  Үздік сабақтар фестиваліне қатысқан 23 инженер-педагогтың  бетпе-бет берілген сабақтарын  І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің, Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі дербес білім беру ұйымы педагогикалық шеберлік орталығы филиалының,  облыстық білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ  ұйымының мамандары   бағалады.

Жалпы білім беретін пәндер секциясы  бойынша

1-орын Марденова Айман Жетібайқызы, Алматы экономикалық  колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті  пәндерінің  оқытушысы;

2-орын - Камарова Гүлжан Қаптағайқызы, Талдықорған жоғары  политехникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті  пәндерінің  оқытушысы;

3-орын -  Мукаева Ментай Бекбатырқызы,  Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжінің ағылшын тілі пәнінің  оқытушысы.

Арнайы пәндер мен өндірістік оқыту шеберлері секциясы бойынша

1-орын Махметова Айгүл Абланқызы, Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы;

2-орын Сексембаев Ринат Алтайұлы,  Алматы экономикалық  колледжінің арнайы пән  оқытушысы;

3-орын Рысбеков Нүркен Ертанұлы, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері.


© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка