A - Размер шрифта A +

«Инновациялық қозғалыс» жобасын іске асыру

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Инновациялық қозғалыс» жобасы аясында мектепке дейінгі ұйымдардардың педагогтарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2019 жылдың 16 мамырында Жамбыл ауданы, Жаңақұрылыс ауылы «Айгөлек» балабақшасы базасында «Ұйымдастырылған оқу қызметіндегі заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбында әдістемелік күн өткізді.

  Аталған іс-шарада балабақша педагогтары ұйымдастырылған оқу қызметінде В.Воскобович дамытушы ойындарын қолданудың тиімділігін көрсетсе, инновациялық орталық тәжірибесінде педагогтармен «Балабақшада В.Воскобович технологиясы арқылы балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында шебер-класстар жүргізді. Шараға 52 педагог қамтылды.


© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка