A - Размер шрифта A +

«Инновациялық қадам» жобасы аясында

   2019 жылдың  17 мамырында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  Көксу ауданы Н. Алдабергенов атындағы орта мектеп базасында «Үздік инновациялық ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту сабағы» байқауы өткізілді.  Байқау жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз пәнін жетік меңгерген кәсіби білікті, пән мен тілді оқытуда кіріктірілген әдістерді (СLIL технологиясы) тиімді қолдана алатын (физика, химия, биология, информатика) мұғалімдерді анықтау, қолдау және мадақтау мақсатында ұйымдастырылды.  Аталған байқаудың І кезеңінің іріктеуінен өткен 15 педагог қатысты. Байқау қорытындысы бойынша:

І орын - Көксу ауданы Ж.Егінбаев ат.ОМ биология пәні мұғалімі Уәлиев Ұлан             

ІІ орын- Алакөл ауданы Ақтүбек ОМ физика пәні мұғалімі Смаханова Лаула

ІІ орын – Талдықорған қаласы Е.Берліқожаұлы ат.№ 11 ОМ  физика пәні мұғалімі Жақсыбаев Қанат Абайбекович

ІІІ орын  Жамбыл ауданы Қарғалы №3 ОМ биология пәні мұғалімі Джомартова Сауле Абдразаковна

ІІІ орын Жамбыл ауданы О.Әубәкіров ат.ОМ химия пәні мұғалімі Тулепбергенова Сауле Куанышевна

ІІІ орын Жамбыл ауданы Абай ат.ОМГ информатика пәні мұғалімі Ершігешова Динара Кенжехановна иеленді.


 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка