A - Размер шрифта A +

МДҰ жаңартылған білім беру бағдарламасы туралы

2019 жылдың 21-22 мамырында Талдықорған қаласындағы «НЗМ» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы филиалы базасында мектепке дейінгі ұйымдары педагогтарына жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курстары бағдарламасымен таныстыру жұмыстарының  алғашқы қадамы жасалып «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тәсілдерін жаңартудың өзектілігі мен маңыздылығы» тақырыбында семинар өтті.

Шара барысында балабақша меңгерушілері мен әдіскерлер, мектепалды даярлық сыныбының мұғалімдері топтық, жұптық, жекелей жұмыстар жүргізіліп, түрлі тапсырмалар орындау арқылы жаңартылған білім беру бағдарламасы курсының мақсаты, тиімділігі, ерекшелігімен танысты. Шараға 100 педагог қатысты. 

 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка