A - Размер шрифта A +

«WorldSkillsTaldykorgan» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты

Техникалық және кәсіптік білімнің мәртебесін көтеру, білім алушылар мен жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдау, жұмыс дағдысы мен тәсілдерін жаңғырту және Ұлттық чемпионатқа қатысатын үміткерлерді анықтау мақсатында Алматы облысының білім басқармасы 2019 жылдың 22-24 мамыр аралығында «WorldSkillsTaldykorgan» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатын  8 колледжінің базасында 16 құзіреттілік бойынша жүргізілуде. Аймақтық чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі 22 мамырда Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өткізілді. Чемпионаттың ашылу салтанатына Ауылшаруашылығы, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, Жастар саясаты мәселелері басқармалары және “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының өкілдері, мектеп оқушылары шақырылды. Чемпионатты Алматы облысының білім басқармасының басшысы Д. Жүнісов ашып, аймақтық чемпионаттың мақсат-міндеттеріне, студенттер мен колледждердің дуалды оқыту, әлеуметтік серіктестікті нығайту мәселелеріне тоқтала келе, барлық қатысушыларды құттықтады. ЖШС "Метакон" директоры П.Сребный колледждеріміз қазіргі заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, технологияларды жетік меңгерген мамандар дайындайтынына сенімді екенін айтты. Сонымен қатар, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері Қалиев Бейбарыс пен Илиясова Дариға «WorldSkills Taldykorgan» чемпионатына қатысушыларға Елбасының жастарға зор үміт артып отырғанын, 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағанын айта келе, «Өз күш- жігерлерін еліміздің дамуына қосамыз! Еліміздің жарқын болашағы үшін жауапкершілік өз мойнымызда! Қазақстан жастары әлемге мықты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлтты көрсетуге дайын!» деген жалынды сөздерімен жастарды жігерлендіре түсті.                                   16 құзыреттілік бойынша облыстың 35 колледжінен келген 149 қатысушы үш күн бойы кәсіби шеберліктерін  сынға салмақ. Чемпионатқа қатысушыларға сəттілік тілейміз!


© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка