A - Размер шрифта A +

«Жетісудың археологиялық ескерткіштері ізімен» облыстық ғылыми-практикалық конференция

2019 жылдың 22 мамырында Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Киелі мекенім-Жетісу» жобасын жүзеге асыруда «Жетісудың археологиялық ескерткіштері ізімен»тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына Ә.Марғұлан атындағы археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.кА.Нұржанов,І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің география және экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, г.ғ.к Е.Тоқпанов,облыстық  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мамандары, мұражай қызметкерлері, мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарынан 80 педагог қатысты.

Іс шара барысында ғалымдар Жетісудың тарихи және археологиялық ескерткіштері жайлы құнды деректермен бөлісті.

Конференция  жұмысы тәжірибелік алаңда жалғасып, Талдықорған қаласындағы №11 «Құлыншақ» аралас бөбекжай – бақшасы,  Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы мен Оқушылар сарайы өз тәжірибелерін ортаға салды.


 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка