Түркістан – Түркі әлемінің бесігі
2019 жылғы 29-30 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан тарихының, фольклорының, мәдениетінің әлемдік өркениеттегі орнын айқындау мақсатында Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Түркістан – Түркі әлемінің бесігі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Халықаралық конференцияға Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен арнайы қонақтар және отандық ғалымдар, педагогтар қатысты. Конференция барысында Алматы облысы педагогтары тәжірибелерімен бөлісіп, шебер-кластар жүргізді.