A - Размер шрифта A +

Ұлттық чемпионатқа қатысушыларды дайындаудың ұйымдастырушылық аспектілері

Облыстық білім басқармасы және білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы  2019 жылдың 11 қыркүйек Талдықорған  жоғары политехникалық колледжінің базасында Ұлттық  «WorldSkills Kazahstan - 2019» чемпионатына қатысушылардың дайындық деңгейін талқылау мақсатында «Ұлттық чемпионатқа қатысушыларды дайындаудың ұйымдастырушылық аспектілері» тақырыбында семинар-кеңес  өткізді. Басқарма басшысының орынбасары, техникалық комитет төрайымы Исағұлова Гүлсара Тастандықызы жүргізген  семинар-кеңеске 45 инженер-педагог қатысты.   Семинар-кеңесте  16 компетенция бойынша  Ұлттық чемпионатқа қатысушылардың  дайындық деңгейі және әлемдік чемпионаттың қорытындысы  талқыланып,  нәтижесінде колледж басшыларына Ұлттық чемпионаттың ұйымдастырылуы негізінде  нақты тапсырмалар берілді.   


© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка