Interactive methods of teaching 9th grade by MM Publications
«Алматы облысының білім басқармасы» ММ облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «ММ Publications» баспасының ұйымдастыруымен әдіскерлер мен 9 сыныпқа сабақ беретін ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2019 жылдың 20 қыркүйегінде Талдықорған қаласы №1 Абай атындағы мектеп-гимназиясы базасында «Interactive methods of teaching 9th grade by MM Publications» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Аталған шарада ағылшын тілі пәні бойынша 9 сынып «ММ Publications» баспасы «Full Blast» оқулығының ерекшеліктері таныстырылып, ағылшын тілі бірлестік жетекшілерімен 2019-2020 оқу жылындағы нормативті-құқықтық құжаттармен жұмыс жүргізілді. Семинар-тренингке 65 педагог қатысты.