Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы -2019
Алматы облысы әкімдігінің 2007 жылғы 31 мамырдағы «Білім беру ұйымдары мен ұстаздардың арасында облыстық конкурстар өткізу туралы» №92 қаулысына және Алматы облысы білім басқармасының 2019 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес инновациялық білім беру қызметінің үздік тәжірибесін қолдау және тарату мақсатында 25 қыркүйек күні Талдықорған агро-техникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы» атты облыстық байқау ұйымдастырылып өткізілді. Байқауға қатысқан 8 оқу орны екі кезең бойынша сайысқа түсіп, өзіндік презентациялары мен оқу-тәрбие үдерісінің моделін қорғады.
Қазылар алқасының шешімі негізінде бас жүлдені Алматы экономикалық колледжі, екінші орынды Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі, үшінші орынды Бастөбе сервистік-техникалық колледжі, «Инновация шеберханасы» номинациясын Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжі, «Жетістік жолында» номинациясын Сарқан политехникалық колледжі, «Жаңашыл колледж» номинациясын Тоқжайлау политехникалық колледжі иеленді. Бас жүлденің марапатын облыс әкімі облыстық ұстаздар күні мерекесінде салтанатты түрде табыс етпек.
Сондай-ақ, байқауға қатысқан оқу орындарының жұмыстарын ынталандыру мақсатында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Кәсіптік оқудағы көпсалалы, Қапал кәсіптік-техникалық колледждерін, Білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық кеңесі Алакөл гуманитарлық-техникалық, Тоқжайлау политехникалық колледждерін арнайы грамоталарымен марапаттады.